Intellectum-Bala
Баланың логикалық ой-жүйесін, интеллектісін дамыту; балаға физикалық, психологиялық, эмоционалдық қауіпсіз орта қалыптастыру. Ана тілі, ұлттық салт-дәстүр арқылы бойларына рухани тәрбие беру!
Біздің балабақшаның ерекшеліктері
«ИНТЕЛЛЕКТУМ» заманауй ИнтерОқыту: интеллектуалды дамытуға арналған арнайы ойындар мен ойыншықтар ізденіс белсенділігін, логикалық ойлауды, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады, балаға жеңіске өздігінен жету қуанышын сыйлайды. Қазірден бастап өмірге қажетті дағдыларды қалыптастырады. Психомоториканы дамытады.

«ЛОГИКА» сабағы - Табиғи Қабілеттерін Шығармашылықпен Дамыту: есте сақтау, елестету, ойлау, зейінін дамытады. Қолдың буын қимылдарын жетілдіреді. Психомоториканы дамытады
Бүлдіршін - экспериментатор: ізденіс, танымдық – зерттеу қабілеттерін, топта жұмыс істеу, қарым – қатынас дағдыларын, алғашқы дүниетанымын қалыптастырады.

Асық ойындары мергендікке, ептілікке баулиды.Және баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.

Ата – аналармен тығыз ынтымақтастық: тәрбие тақырыбына әңгімелесу, қызықты адамдармен кездесу,психолог тренингтары, әртүрлі жағдаяттарды шешу, балалармен ортақ шара өткізу.
Топтар туралы мәлімет
Кіші топ
"Құлыншақ" тобы
3-4 жас
Ортаңғы топ
"Балауса" тобы
4-5 жас
Мектепалды
Даярлық топ
"Күншуақ" тобы
5-6 жас
Күнделікті тәртіп
Күн тәртібінің реті
07:30 – 19:00
Біздің балабақша
Фотогалерея
Жан-жақты дамыту жұмыстары
Кіріктіріліп өткізілетін қызықты үйірмелер мен сабақтар, эксперименттер: интеллектум ойындары, хореография, каратэ, кинетикалық песок, асық, лего.
Интеллектум ойындары
Интеллектуалдық дамыту ойындары арқылы балалар талдау (тұтасты жеке бөліктерге ойша бөлу), жинақтау (бөліктері тұтасқа ойша біріктіру), салыстыру (ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу), жүйелеу (заттарды, құбылыстарды топтарға бөлу) сияқты ойлау тәсілдерін ойнап отырып жеңіл меңгереді.
Шахмат
Шахмат – бұл спорт, ғылым және өнер. Шахмат ой-сананың белсенділігін қалайтындықтан, бұл ойын кез-келген адамды тереңге жетелеп, сананы тапқырлыққа баулиды. Ой және сананың үйлесімді дамуы, уақытты ұтымды пайдалану, шешім таба білу т.т. сияқты адамға өте қажет қасиеттерді бала санасына орнықтырады
Лего ойындары
LEGO ойындарының маңыздылығы : Біріншіден, бағдарламаның негізі STEM (science, technology, engineеring, mathеmatics) бағытында оқытылады. XXI ғасырда ғылым, инженерия, математика мен технология басты назарда. Екіншіден, баланың саусақтары дамиды. Ал оны ғылымда ұсақ моторика деп қарастырады. Үшіншіден, бала қол мен көзді тепе теңдікте ұстауды үйренеді. Төртіншіден, баланың фантазиясы артады.
Кинетикалық құм
Кинетикалық құм - бұл заманауи өнертабыс, дымқыл сияқты мүсіндеуге және құрғақ қасиеттері бар ең жаңа материал. Одан әртүрлі пішіндерді мүсіндеуге немесе қалыптарды пайдаланып кесуге болады, содан кейін қолдың бір қозғалысымен ұсақталған құм массаға айналуы мүмкін.
Құм терапиясы
Құм тераписының маңыздылығы: балалардың қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамытады. Балалар құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, өздерінің фантазияларын дамытады.
Хореография
Хореография — би түрлерінің негізі. Хореография музыканы сезінуді, оны бимен байланыстыруды үйрете отырып, балаңыздың әдемі қимыл қозғалуы арқылы өзіне деген сенімділікті арттырады.
Каратэ
Балаңыз бойындағы күшін сезініп, оны дұрыс пайдалануды үйренеді. Балаларға арналған каратэ пайдасы - бұл жастайынан үлкендерін құрметтеуге, кез-келген кедергілерді жеңіп, мақсатқа ұмтылуға үйрететін керемет тәрбиеші.
Қыш өнері
Қыш-құмыра жасау – көнеден жеткен мұра. Балаларға қол моторикасын дамытуға, бала бойындағы ойлауды, тепе-теңдікті ұстауда үлкен пайдасыг көрсетеді. Бала көне өнермен танысады.
Балалар йогасы
Ерте жаста йога сабақтары балалық шақтағы ең маңызды құндылықтарды - әлемге жеке көзқарас пен оң энергияны сақтауға мүмкіндік береді. Жаттығу , яғни, асана психикалық және физикалық әл-ауқатына үлкен әсер етеді
• Омыртқаның дисфункциясын емдеу – жасөспірім кезіндегі жүре пайда болған қисықтық
• Бұлшықеттерді күшейту
• Метаболизмді ынталандыру
• дененің созылуы
• Тыныс алуды реттеу
Робототехника
Робототехника бөлшектерді салыстыруды меңгеруге, геометриялық пішіндерді оқуға көмектеседі; кеңістіктік және конструктивті ойлауды дамытуды ынталандырады; табандылықты, зейінділікті, ұқыптылықты, мақсатқа жету қабілетін дамытады.
Бейне бақылау
Әрбір балабақша тобында және көше аумақтарында орналасқан бейнебақылау камералары сол аумақта бейтаныс адамдардың назардан тыс қалуына жол бермейді және бейтаныс адамды тез анықтауға және оның ниетін анықтауға көмектеседі.
Біртұтас тәрбие
Ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеу
Жүн түту
Жүн тұту, ұршық иіру дәстүрі — қазақ ұлтының мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігінің маңызды бөлігі. Бұл дәстүр әйелдердің киім-кешек пен тұрмыстық заттарды дайындау үшін жүн, қылшық және мақта иіретін өнер түрін қамтиды. Біздің балабақшада кішкентай қыздарымызды салт-дәстүрмен таныстырып, еңбекке баулаймыз.
Құрт жаю
Құрт жаю - ұлттық құндылық ұрпаққа мұра. Қазақ халқының ұлттық өнімі құрттың құрамы ерекше құнарлы. Құрт тағамы қонаққа кәде ретінде де беріледі. Қазақтың "құрт-май" деген атауының астарында бұл тағамның дастарқандағы орны ерекше екенін аңғаруға болады.
Асық ойнау
Асық ойындары ұлттық ойындарының ішіндегі ертеден келе жатқан ойындардың бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді
Мерекелік шаралар
Ата-аналармен жұмыс
Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.
Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.
Біздің жетістіктер
Біздің Ұжым
  • Жүнісова Гүлназ Мінтайқызы

    Балабақша құрылтайшысы
  • Уалхан Индира Болатқызы
    Әдіскер
  • Смағұлова Алия Ғалелқызы
    Тәрбиеші
  • Темирбаева Алтынай Асаматдинқызы


    Тәрбиеші
  • Сабанбай Жұмакүл Сайлауқызы


    Тәрбиеші
  • Разакова Айгүл Күмісбекқызы
    Қазақ тілі педагогі
  • Тышканова Айдаркуль Амановна
    Аспазшы
  • Сергазинова Асемгуль Ердаулетовна
    Тәрбиеші көмекшісі
  • Хажиева Уғилжон Бахтияровна
    Тәрбиеші көмекшісі
  • Дюсенбаева Зере Валерийкызы

    Йога жаттықтырушы
  • Айтбек Ая


    Музыка жетекшісі
  • Даулетов Бакыт Владимирович


    Дене тәрбиесі нұсқаушысы
Өтініш қалдырыңыз
Балаңызды топқа тіркемес бұрын балабақшамен, оның жағдайымен, атмосферасымен танысуға болады. Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз.
Сұрақтар
Ата – аналармен тығыз ынтымақтастық: тәрбие тақырыбына әңгімелесу, қызықты адамдармен кездесу, психолог тренингтары, әртүрлі жағдаяттарды шешу, балалармен ортақ шара өткізу.
  • Сұрақ:
    Балабақшаға қалай жазылуға болады?
    IntellectumBala:
    Біздін балабақшаға жазылу үшін, сайт арқылы өтініш қалдыра аласыз немесе 87014236043 нөмеріне хабарласып тіркеле аласыз.
  • Сұрақ:
    Балабақшада дәрігер бар ма?
    IntellectumBala:
    Ия, балабақшада медицина
    қызметкері бар.
  • Сұрақ:
    Қанша уақыт бұрын баланы балабақшаға дайындау керек?
    IntellectumBala:
    3-6 ай бұрын баланы ептеп балабақшаға дайындауға болады ,
    психологиялық, және физикалық
    тұрғыдан балаға жеңіл болу үшін.
  • Сұрақ:
    Баланын балабақшаға деген адаптациясы неше күн болады?

    IntellectumBala:
    Әр баланын балабақшаға деген
    бейімделінуі әр түрлі өтеді. Бір балада 3 күн болса, екінші балада 3 ай болуы мүмкін.

This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website